Ақмола облысында жолға шыққан бес адам қар құрсауында қалған

Автор: Дәулет Ботагөз

Көлік қозғалысты жалғастыра алмай қалған

Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысында қар құрсауында қалған бес адамға құтқарушылар көмек көрсетті. Оқиға 7 ақпан күні Софиевка ауылы маңында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар үйіндісіне түсіп, қозғалысын жалғастыра алмаған. Хабарлама түскен соң оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жетіп, адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалауға, сондай-ақ тас жолдарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Құтқарушылардың айтуынша, қолайсыз ауа райында жолға шығу адам өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.