Бұл қалаларда зиянды қалдықтар ұзақ сақталады
7 ақпан күні Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес 7 ақпан күні күндіз – Ақтөбе қаласында, 7 ақпанға қараған түні – Атырау қаласында ауа ластануының жоғарылауына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына және және зиянды қоспалардың таралуына қолайсыз жағдайлардың (желдің әлсіреуі, тұман, температура инверсиясының кешігуі қабаттарының пайда болуы) болуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар.
Осындай жағдайда зиянды қалдықтар ауада ұзақ сақталып, тыныс алу жолдарына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандар ҚМЖ кезінде келесі кеңестерді ұстануға шақырады:
Бұл шаралар денсаулыққа түсетін салмақты азайтуға көмектеседі.