Трамп вокзал мен әуежайға өз атын беруді қалап отыр - БАҚ

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол бұл үшін 16 млрд долларды босатуға мүдделі

Фото: @realdonaldtrump

АҚШ президенті Дональд Трамп Гудзон өзенінің астынан жаңа тоннель салуға бөлінетін қаражатты бұғаттан шығаруға уәде берді. Алайда бұл үшін Нью-Йорктегі Пенн-стейшн вокзалы мен Вашингтон маңындағы Даллес атындағы халықаралық әуежай оның құрметіне қайта аталуы тиіс, деп жазады Azattyq Rýhy.

CNN телеарнасының мәліметінше, өткен айда америкалық көшбасшы бұл ұсынысты АҚШ Конгресі Сенатындағы демократтар көшбасшысы Чак Шумермен (Нью-Йорк штаты) талқылаған.

Трамп вокзал мен әуежайды қайта атау шартымен Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттарын Гудзон өзенінің астымен жалғайтын Gateway ірі инфрақұрылымдық жобасына арналған шамамен 16 млрд долларды бұғаттан босатуға дайын екенін айтқан.

Ал Шумер мұндай әдеттен тыс өтінішті орындауға өкілеттігі жоқ екенін жеткізген.