Астанада көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды

Автор: Асыл Арман

Астанада қар аралас жаңбыр жауды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/Freepik.com

Астана қаласында ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.