Марқұмның мәйіті аспалы көпір маңынан анықталған, тергеу басталды
Семей қаласында 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай туралы полицияға куәгерлер хабар берген. Алдын ала дерек бойынша, ер адамның денесі Ертіс өзенінің мұзынан, қаланың аспалы көпірінің астынан анықталған.
Полиция департаменті аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қаза тапқан азаматтың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жалғасып, тиісті сараптамалар жүргізілуде.