Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алды
Алматыда жолаушылар автобусы мен Mercedes жеңіл автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат кеше 19:20 шамасында Бостандық ауданында болған.
Mercedes автокөлігінің жүргізушісі көліктің руліне ие бола алмай, Yutong автобусына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
«Апаттың себеп-салдарын Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тексеріп жатыр», – деп хабарлады полициядан.