ТЖМ тікұшағы шұғыл санитарлық эвакуацияны жүзеге асырды
Солтүстік Қазақстан облысында жағдайы күрт нашарлаған науқасты өңір орталығына тікұшақпен шұғыл жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазавиаспас» солтүстік авиациялық отрядының ТЖМ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлері мен облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен бірігіп шұғыл тасымалдады.
«Зардап шегушіге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болып, сол себепті СҚО Айыртау ауданы Гусаковка ауылынан облыс орталығына медициналық мекемеге санитарлық ұшу жедел ұйымдастырылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Ұшқыштар мен медициналық қызметкерлердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында пациент қауіпсіз жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды.