Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
Қазақстан Президенті мен Пәкістан премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясы аумағында ағаш отырғызды.