Ол 1942 жылы тамызда Кеңес Армиясы қатарына шақырылған
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қамбар Сәрсен 102 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сәрсен Қамбар Әмірұлы 1924 жылы 25 қазанда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Күнтимес ауылында дүниеге келген.
1942 жылы тамызда Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 3-ші жеке бригададағы мерген мектебінің курсанты болып тіркелген.
1943 жылдан бастап Прибалтика майданының 4-ші соққы армиясының 1911 атқыштар полкіне қатысып, ауыр жарақат алған.
1944 жылы жазылып шыққан соң қайта майданға жіберіліп, 51-ші Витебск Қызыл Ту, Суворов ордені II дәрежелі атқыштар дивизиясының барлау ротасында қызметін жалғастырған.
Калинин және Псков облыстарын, Беларусь, Латвия, Литва, Польша мен Шығыс Пруссияны азат етуге тікелей қатысқан.
1945 жылғы қарашада Кеңес Армиясы қатарынан демобилизацияланған. Соғыстан кейінгі жылдары партия қызметінде еңбек етіп, кейін ішкі істер органдарына еңбегін сіңірген.
Қазақ КСР ІІМ-нің ведомстволық күзет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.