Қазақстанда тағы 1962 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың 1209-ы – симптомсыз тасымалдаушылар

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 1962 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 53 021 адамға жетіп отыр.

8 шілдеде ағзасынан COVID-19 вирусы анықталған 1962 адамның 1209-ы – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар. Қалған 753-і ауру симптомдарымен дәрігерлерге жүгінген.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65
  • Алматы қаласы - 177 / 46
  • Шымкент қаласы - 61 / 25
  • Ақмола облысы - 35 / 27
  • Ақтөбе облысы - 89 / 38
  • Алматы облысы - 81 / 56
  • Атырау облысы - 658 / 532
  • Шығыс Қазақстан облысы - 113 / 43
  • Жамбыл облысы - 57 / 47
  • Батыс Қазақстан облысы - 91 / 34
  • Қарағанды облысы - 150 / 108
  • Қостанай облысы - 111 / 71
  • Қызылорда облысы - 28 / 20
  • Маңғыстау облысы - 70 / 53
  • Павлодар облысы - 57 / 26
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 36 / 7
  • Түркістан облысы - 28 / 11

Айта кетейік, Қазақстанда бүгінге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 149 адам сауығып кетсе, 280 адам көз жұмды.