Қарағанды облысында 2 млрд теңгенің қазба байлығы шетелге заңсыз жіберілген

Автор: Асыл Арман

Табиғи байлық шетелге миллиардтаған теңгеге заңсыз тасымалданған

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

«Соның салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келген. Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», – делінген прокуратура хабарламасында.