Шымкентте аудандық полиция басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

Автор: Асыл Арман

Ол есірткі қылмысына байланысты сотталды

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында Тұран ауданы полиция басқармасының басшысы Нұржан Тілеуовке қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, Тілеуов қылмыстық істі есірткі саудасынан есірткі сақтау деп қайта саралауға көмектескені үшін 6 миллион теңге алды деп айыпталған.

Өзі сотта кінәсін мойындамаған. Ол үкімнің заңсыз екенін, ақша тапсыру әрекетінің арандатушылық сипатта болғанын айтты. Алайда кейіннен 3 млн теңгені арыз берушіге қайтарғаны көрсетілген.

Нұржан Тілеуовті 2025 жылдың 20 тамызында ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Іс бойынша оның бір қызметкері жауапқа тартылған.