Аралда жемқорлардың жымқырған ақшасына аурухана салынды

Автор: Асыл Арман

Аурухана 25 орынға есептелген

Фото: istockphoto.com

Арал ауданында жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен жұқпалы аурулар бөлімшесі салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 25 орындық жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілді.

Жаңа медициналық нысан аудан тұрғындарына уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында салынды.

«Осыған дейін тұрғындар мұндай медициналық көмекті шектеулі жағдайда алуға мәжбүр болған.

Аталған бөлімшенің іске қосылуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, аудан халқының денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді», – делінген прокуратура хабарламасында.