Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар

Автор: Дәулет Ботагөз

Қоғамның сұраныстарына кең ауқымда талдау жүргізілді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Алты ай бойы Конституциялық реформа мәселесі қоғамда қызутүрде талқыланған басты тақырыптардың бірі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртүрлі топтардың, соның ішінде сарапшылар қауымдастығының да ұсыныстары сарапталып, зерттелді. Кең етек жайған пікірталасқа азаматтар, түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар белсенді түрде қатысты.

Қоғамның сұраныстарына кең ауқымда талдау жүргізіліп, еліміздің Конституциялық құрылымынодан әрі дамыту мәселелеріне түрлі мақсатты топтарды тарту жұмыстары жүзеге асырылды.

Нәтижесінде мемлекет өте ұтымды жол тауып, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін тек референдум арқылы шешу қажеттігін бірден айқындады.

Мемлекет қоғамның сұранысын мұқият ескере отырып, өз даму жолын жалғастыру үшін тың шешім қабылдады.

Оған жүйелі түрде құрылған қоғамдық пікірді ескеру және кері байланысты жинау бойынша жұмыстар да ықпал етті. Яғни, жаңа Конституция жобасының пайда болуына көп деңгейлі сараптама мен талдау жүйесі әсер етті.

Біріншіден, ұсыныстарды жинау ашық коммуникация арналары арқылы жүргізілді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтардан Конституциялық реформаға қатысты 2 мыңнан астам бастамашыл ұсыныс келіп түсті.

Екіншіден, Конституциялық комиссия 130 адамнан құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі құқықтанушылар, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары, мәслихат төрағалары, өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сарапшылар мен ғылыми қауымдастықтар кірді. Осылайша, Комиссия құрамына Қазақстанның барлық әлеуметтік топтары мен өңірлердің өкілдері енгізілді.

Комиссияның негізгі міндеті – барлық ұсыныстарды мұқият қарау, жинақтау және нақты өзгерістер жобасын дайындау болып белгіленді.

Комиссия мүшелері мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа логикасын қалыптастыру, Қазақстанның әлемдегі орнын көрсететін өзекті қоғамдық құндылықтарды бекіту және елдің ұзақ мерзімді даму қағидаттарын қалыптастыру бойынша тыңғылықты жұмыс атқарды.

Барлық комиссия отырыстары толық жария түрде және тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылыкөрсетілді.

Өз пікірлері мен ұсыныстарын белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар және басқа сарапшылар білдірді.

Осылайша, жаңа Конституция жобасының жариялануы – қоғамның сұранысына негізделген ұзақ әрі мұқият сараптамалық жұмыстың нәтижесі.