Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Автор: Асыл Арман

Ол 2023 және 2024 жылдардың жазында үшінші орынға көтерілген

Фото: Қазақстан Теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Australian Open-2026 финалдық матчының нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина қайтадан әлемнің үшінші ракеткасы атанады.

Australian Open финалына шығуы арқасында Рыбакина америкалық Аманду Анисимованы және Коко Гауффты рейтингте басып озды.

Ресми рейтинг дүйсенбі күні жаңартылады.

Рыбакина бұған дейін WTA рейтингінде 2023 және 2024 жылдардың жазында үшінші орынға көтерілген. Бұл – оның карьерасындағы ең үздік нәтижесі.