Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі әйелді көлік қағып кетті

Автор: Асыл Арман

Жол-көлік оқиғасы сәрсенбі, 28 қаңтар күні Сәтбаев даңғылында болды

Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласында жеңіл көлік мінген жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғасы сәрсенбі, 28 қаңтар күні Сәтбаев даңғылында болды.

«Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1964 жылы туған және 1979 жылы туған екі азаматша зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.