Қарағандының қақ ортасында жеңіл көлік өртеніп кетті

Автор: Асыл Арман

ТЖМ жағдайдан хабардар етті

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Өрт мотор бөлігінен шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ күштерімен өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

«ТЖМ азаматтарды автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады», – делінген ТЖМ хабарламасында.