Қазақстан Ұлттық банкінің 28 қаңтарға белгілеген ресми бағамы жарияланды
KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 503,9 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,34 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 28 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 502,27 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 502,93 теңге, сату бағамы – 505,3 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 503 теңгеден сатып алып, 510 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы – 504,29 теңге, сату бағамы – 506,29 теңге.