Қазақстанның бірқатар өңірінде оқушылар ауа райына байланысты онлайн оқитын болды

Автор: Асыл Арман

Қай өңірлер екені белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде бүгін, 2026 жылғы 27 қаңтарда, қатты аяз бен қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Онлайн оқуға төмендегі аймақтардағы білім алушылар көшірілді:

  • Орал қаласында – бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары;
  • Ақтау мен Жаңаөзенде – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары;
  • Ақтөбе облысында – 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері.

Қостанай облысында:

  • Қостанай қаласында – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері;
  • Лисаковск қаласында – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары;
  • Рудный қаласында – бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары;
  • сондай-ақ облыстың 12 ауданындағы мектеп оқушылары;
  • Петропавл қаласында – бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары;
  • Көкшетау қаласында – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары.