Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Президент достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан президенті құттықтауында премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.