$ 501.79  595.07  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда полиция өрттен 20 адамды құтқарып қалды: оқиғаның видеосы тарады

Облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады

Оралда полиция өрттен 20 адамды құтқарып қалды: оқиғаның видеосы тарады
Фото: pixabay.com

Оралда көпқабатты үйде шыққан өрттен полиция 20 адамды құтқарып қалды. Оқиғаның барысы видеожетонға түсіп қалған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Самал көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына ПБ патрульдік полиция батальонының 517-патрульдік жасағының қызмет инспекторлары Азамат Тілеков және Нұрхан Мұратов, сондай-ақ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрболат Смағұл шұғыл жетті.

Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін жедел түрде тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырып, 20 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, олардың ішінде бірнеше бала бар.

«Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби іс-әрекеттері тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік берді», – делінген ПД хабарламасында.