Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын белгіледі
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 501,79 теңгені құрап, 1,4 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 26 қаңтарға белгіленген ресми доллар бағамы – 503,35 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 502,27 теңгеден сатып алып, 504,53 теңгеден сатып жатыр. Астанада долларды орташа есеппен 500 теңгеден қабылдап, 507 теңгеден сатуда. Ал Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 502,32 теңгеден сатып алынып, 504,38 теңгеден сатылып жатыр.