«Әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр»: президент көші-қон үдерісін цифрландыруды тапсырды
Ол Бас прокуратура мен ҰҚК-ге арнайы тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды жұмысын жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыру керек. Бұл – өте өзекті мәселе. Баяғыдан бері талқылап жатырмыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Дүние жүзінде кең ауқымды көші-қон жүріп жатыр десек, қате болмайды. Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет.
Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру – аса маңызды міндет. Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмысты тездетуді тапсырамын», – дейді президент.