«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеме жасады
Бүгін, 26 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:00-ден бастап барлық автокөлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу мына жол учаскесіне қатысты:
Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолы, 338-ден 632-шақырымға дейінгі аралық (Бейнеу ауылынан Шетпе ауылына дейін).
Жолды қайта ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 26 қаңтар, сағат 20:00.