Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы 80 бас мал ұрлап кеткен

Автор: Асыл Арман

80 бас малдың құны 25 млн теңгеге бағаланған

Фото: Шымкент ПД

Шымкентте шаруа қожалығының екі жұмысшысы 80 бас мал ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі және ұсақ қара малды анықтап, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысы қатысы бар екені белгілі болды.

Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңгені құрады.

«Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.