Зейнеткердің бұрын сотты болғаны анықталды
Семейде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам полицейлердің жеке көліктерін өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, оны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растады.
Осы жарияланымға қатысты Абай облысының Полиция департаменті төмендегіні хабарлайды.
«2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10 шамасында бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында құқыққа қайшы әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген облыстық ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.