$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісудағы жантүршігерлік жол апаты: бес адам оқиға орнында жан тапсырды

Ақсу ауданында екі жеңіл көлік соқтығысып, тағы екі жолаушы ауруханаға түсті

Жетісудағы жантүршігерлік жол апаты: бес адам оқиға орнында жан тапсырды
Фото: pixabay.com

Жетісу облысында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданындағы «Көшкентал — Қапал» автожолының 4-шақырымында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avalon мен Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы шұғыл түрде медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, алғашқы тергеу әрекеттері басталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазір жол апатына не себеп болғаны мен оның нақты мән-жайы анықталуда, барлық нұсқа қарастырылуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында.

Жетісу облысы полиция департаменті қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, арақашықтықты қадағалап, жолда барынша мұқият болуға шақырды.