Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді

Фото: Конституциялық сот

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. 

Комиссия төрағасының орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.