Оқиға Момышұлы көшесінде болды
Алматыда Chevrolet маркалы көлік пен тағы екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Батыс бағытта келе жатқан әйел жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Автомобиль қарсы жолаққа шығып, жолдан шығып кетіп, еңіске түсіп кетті. Жолға қайта шыққысы келген көлік қазылған шұңқырға түсіп кетті», – делінген желідегі хабарламада.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Момышұлы көшесімен келе жатқан Chevrolet жүргізушісі кері бұрылмақ болғанында Mercedes және Hino көліктеріне соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі көліктің жолаушылары қалалық бір ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Алматы ПД.https://azattyq-ruhy.kz/