Қазақстан Ұлттық банкінің 23 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 503,35 теңгені құрап, 2,36 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 23 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 505,71 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 504,09 теңге, сату бағамы – 506,36 теңге. Астанада долларды орта есеппен 503 теңгеден сатып алып, 510 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 503,66 теңгеден сатып алып, 505,78 теңгеден сатып жатыр.