Ким Чен Ын саунада жуынып жатқан әйелдердің бөлмесіне баса көктеп кірді (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол ерлер мен әйелдер бөлмесін аралаған

Фото: KCNA

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын еңбекшілерге арналған Онпхо демалыс үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Салтанат пен кешенді аралау барысында түсірілген фотосуреттерді Кореяның орталық телеграф агенттігі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік мәліметінше, шамамен 80 жылдық тарихы бар Онпхо демалыс үйі толықтай қайта жаңғыртылып, заманауи мәдени демалыс пен бальнеологиялық емдеу орталығына айналған.

Оның аумағында сауықтыру нысандары, кешенді сервистік базалар, сондай-ақ табиғи ландшафтпен үйлесімді түрде салынған түрлі сауналар орналасқан.

Корея еңбек партиясы орталық комитетінің хатшысы Ли Ир Хван жаңартылған демалыс үйі «аймақтардың даму деңгейін көрсететінін» атап өтіп, бұл орын келушілерге «денсаулық пен өмірлік қуатты қалпына келтіруге, социалистік өмірге деген зор мақтаныш пен қуаныш сезінуге мүмкіндік береді» деді.

Ким Чен Ын нысанды пайдалануға беру дайындығын аяқтап, демалыс үйін ақпан айында келушілерге ашуды тапсырды.