Қайғылы оқиға Ресейде болды
Ресейдің Красноярск өлкесінде 10 жасар қыз бала қар үйіндісінің астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Baza Telegram каналының мәліметінше, қайғылы оқиға Березовка кентіндегі Совхозная көшесінде болған. Бала үйінің маңында ойнап жүріп, алып қар үйіндісінен туннель қазуды ұйғарған. Алайда бір сәтте қар опырылып, қыз баланы басып қалған. Ол өздігінен шыға алмай, тұншығып қалған.
Қызы серуеннен қайтпаған соң ата-анасы алаңдап, іздеуге шыққан. Олар қар үйіндісінің маңынан баланың заттарын тауып, қарды аршып алғанымен, кеш болған. Тергеу комитеті абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.