Елена Рыбакина Australian Open турнирінің келесі кезеңіне өтті

Автор: Асыл Арман

Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті

Фото: ktf.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australia Open турнирінің екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған қазақстандық теннисшінің қарсыласы – 77-ші ракетка франциялық Варвара Грачева.

Кездесу екі сетке созылып, Рыбакина 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын 1 сағат 17 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның бірінші ракеткасы бес эйс орындады, қос қате жіберген жоқ және жеті брейк-поинттың бесеуін тиімді пайдаланды.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 54-орында тұрған чех теннисшісі Тереза Валентовамен ойнайды.