Оның ішінде жалпы сомасы 7 миллион теңге болатын «Азитромицин» де бар
5-6 шілде аралығында дәрі-дәрмекті тасымалдауға байланысты 18 заңбұзушылық анықталған. Одан бөлек, жалпы сомасы 727 миллион теңге болатын 182 мың қорап дәрі тәркіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау облысы, БҚО, Алматы, Атырау облыстарында, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарында заңбұзушылық тіркелді.
«2020 жылдың 6 шілдесінде Алматы - Бішкек трассасында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттары мен лицензиясыз заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады. Тінту барысында 10 қорап (әр қорапта 242 данадан) жалпы соммасы 7 миллион теңге болатын «Азитромицин» препараты анықталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабы бойынша тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.