Қарқаралы паркі 4 маралды еркіндікке жіберді - жануарлар иен далада асыр салған (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Жануарлар ортаға жақсы бейімделіп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі осы қорықта жүрген маралдарды 2022-2032 жылдар аралығында кезең-кезеңімен еркін табиғатқа жіберуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жылдық жоспарға сәйкес жартылай еркіндікте бағып-күтілген маралдарды табиғи ортаға бейімдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Осы жоспар аясында жартылай еркіндікте жүрген 4 бас марал толықтай еркіндікке, яғни далаға кеткен.

Маралдар Кент орманшылығының 103-орам, 4-теліміне шықтып, олардың табиғи ортаға бейімделуі бақылауға алынды. Аталған іс-шара жабайы жануарлар санын сақтау мен олардың табиғи мекенін қалпына келтіру мақсатын көздейді.