Іс-шарада еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам бизнес өкілі, салалық қауымдастықтардың, өңірлік кеңестердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосты
2026 жылғы 22 қаңтарда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезіне орайластырылған ҰКП Съезд алдындағы кеңесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шарада еліміздің барлық өңірлерінен 400-ден астам бизнес өкілі, салалық қауымдастықтардың, өңірлік кеңестердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосты. Съекзд алдындағы кеңес дәстүрлі түрде кәсіпкерліктің жүйелі мәселелерін талқылау және мемлекетпен бірлескен шешімдер әзірлеу үшін негізгі диалог алаңы болып табылады.
Іс-шараны аша отырып, «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқанов Съезд алдындағы кеңес – бұл, ең алдымен, бизнес пен мемлекет арасында ашық әрі нысаналы диалог құру мүмкіндігі екенін атап өтті.
Жұмыс ауқымын түсіну үшін өткен Съезд алдындағы кеңестің нәтижелері келтірілді: бизнестің 204 проблемалық мәселесінің 59-ы бір жыл ішінде шешілді, 86-сы жұмыста, 56-сы өзектілігін жоғалтқаны үшін бақылаудан алынды. Бұл Съезд алдындағы кеңес бір реттік пікірталас емес, жүйелі сүйемелдеу және бақылау процесі екенін растайды.
Съезд алдындағы кеңесте Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин де құттықтау сөз сөйлеп, сындарлы өзара іс-қимылдың және кәсіпкерліктің жүйелі мәселелері бойынша шешімдерді бірлесіп әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол Үкіметтің кәсіпкерлікті дамыту саласындағы негізгі шараларын белгіледі.
Іс-шараның негізгі бөлігі «сұрақ-жауап» ашық сессиясы форматында өтті. Кәсіпкерлер орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын проблемалық мәселелерді тікелей айтты. Талқылау өңдеу өнеркәсібі, логистика және тасымалдау, құрылыс және жер қатынастары, туризм, білім беру, салық салу және денсаулық сақтау сияқты көптеген тақырыптарды қамтыды.
Жиналысты дайындау және өткізу шеңберінде барлығы QR-код арқылы электрондық форматта келіп түскен өтініштерді қоса алғанда, 145 проблемалық мәселелер жиналды.
Съезд алдындағы кеңес қорытындысы бойынша барлық айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер жүйелендіріліп, бірыңғай тізбеге енгізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына және тиісті мемлекеттік органдарға жолданады. Әрбір мәселе бойынша жауапты орган айқындалып, әрі қарайғы пысықтау тәртібі белгіленеді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрбір мәселені одан әрі сүйемелдеуді және пысықтау мониторингін қамтамасыз етеді.
Съезд алдындағы кеңес «Атамекен» ҰКП XIII Съезіне дайындықтың маңызды кезеңі болды, бұл Палатаның бизнес мүдделерін білдіру мен қорғаудың негізгі институты, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастық пен мемлекет арасындағы тұрақты диалог алаңы ретіндегі рөлін растады.