Қар мен боран: Қазақстанның 16 облысындағы тасжолдар жүргізушілер үшін қауіпті

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның 16 облысындағы тасжолдар ауа райына байланысты жүргізушілер үшін қауіпті болатыны ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 23 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Алматы және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.