Қазақстанда доллардың бағасы 505 теңгеге дейін түсті

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 505,71 теңге болды, бұл көрсеткіш бір күнде 0,94 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 506,7 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 505,66 теңгеден сатып алады, 507,92 теңгеден сатады. Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 504,01 теңгеден сатып алады, 511,01 теңгеден сатады. Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 505,84 теңгеден сатып алады, 507,95 теңгеден сатады.