Шымкентте вандалдар смарт-дәретхананың фенін сымымен бірге жұлып алып кеткен (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Шымкентте смарт-дәретхананы вандалдар бүлдіріп кетті

Фото: Видеодан скрин

Шымкентте екі жас жігіт қаладағы смарт-дәретханадағы фенді сымымен бірге жұлып алып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба координаторлары полицияға арыз жазды. Құқық қорғау органдарына хабарласқаннан кейін екі шымкенттік ерікті түрде бөлімшеге келіп, өздерінің кінәсін мойындап, келтірілген зиянды өтеуге уәде берді.

«Мен дәретханада беті-қолымды жуып тұрып, абайсызда фенді жұлып алдым. Біз оны ұрлауды ойлаған жоқпыз, тек жөндеп, қайта қайтаруды жоспарладық. Әкімдік пен жоба координаторларынан кешірім сұраймыз. Біз жөндеу шығындарын төлеуге дайынбыз», – деді бір жас жігіт.

Айта кетейік, Шымкенттегі смарт-туалеттер жиі вандалдық әрекеттерге ұшырайды – жабдықтары бұзылып, құбырлары бітеледі, интерьеріне зақым келеді. Бір объектінің құны – шамамен 50 млн теңге.