Қала әкімі карантиннің қандай жағдайда созылуы мүмкін екенін айтты
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда карантиннің қандай жағдайда созылуы мүмкін екенін айтты. Астана басшысы бүгін журналистерге брифинг өткізген болатын.
«Карантиннің созылу-созылмауы өзімізге байланысты. Бұған дейін елде төтенше жағдай жарияланып, қатаң карантин режимі енгізілген болатын. Ол көмектесті. 11 мамырдан бастап карантинді жеңілдеткен еді, халық еркінсіп кетті. Салдарынан вирус жұқтырғандар саны күрт артты. Біз енді бұл қателікті қайталамауымыз керек», - деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі апталық карантин күшіне енді.