Астанада 30 адам үйін тастап қашуға мәжбүр болды

Автор: Асыл Арман

Елордалық құтқарушылар көпқабатты үйде 30 адамды эвакуациялады

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада Сарыарқа ауданындағы Щорс көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын кешенінде 5-қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 20 минутта 5 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.