Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда қар жауып, боран соғады

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда қар жауып, боран соғады. Осыған байланысты алыс жолға шығатын жүргізушілерге ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 21 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.