Күкіртсутек, күкірт диоксиді мен көміртек тотығы нормадан бірнеше есе жоғары тіркелді
Өскемен қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейі белгіленген шектен асып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20 қаңтар күні «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жүргізген мониторинг нәтижесінде, аймақта ауа құрамында бірнеше қауіпті заттардың шамадан тыс көбейгені анықталған. Мамандардың мәліметінше, ең жоғары көрсеткіштер күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртек тотығы бойынша тіркелді.
Атап айтқанда, күкіртсутектің мөлшері белгіленген нормадан 2,470 есе, күкірт диоксиді 1,807 есе, ал көміртек тотығы 1,713 есе артық болған. Бұл көрсеткіштер қала тұрғындарының денсаулығына тікелей қауіп төндіретін деңгейге жеткенін аңғартады.
Сонымен қатар синоптиктер Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың аяқталғанын хабарлады. Алдағы күндері жел соғып, ауаның ластану деңгейі біртіндеп төмендейді деп болжануда.