ТЖМ тікұшағы шұғыл жеткізуді жүзеге асырды
«Қазавиақұтқару» тікұшағы Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан нәресте мен оның анасын санитарлық тапсырмамен Атырау қаласына тасымалдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында ұшу сәтті өтті. Тікұшақ Атырау қаласының әуежайына қонды.
Қону алаңына жеткен соң науқастар бірден медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
«Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» бөлімшесі шұғыл жағдайларда тұрғындарға жедел және сапалы көмек көрсетуді жалғастырып, адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды миссиясын атқаруда», – делінген ведомство хабарламасында.