Маркетплейстердегі тым арзан баға – алаяқтардың айласы болуы мүмкін
Абай облысының Полиция департаменті азаматтарды интернет-сауда алаңдарында және хабарландыру сервистерінде жиілеген алаяқтық фактілері туралы ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаскөйлер көбіне сатып алушыларды шектен тыс төмен бағамен, сондай-ақ «шұғыл сатамын», «соңғы баға», «қазір алып кетеді» сияқты сөздермен асықтырып, алдауға тырысады.
«Кең таралған тәсілдердің бірі – шынайы емес тауардың фотоcын, тіпті видеосын жіберу немесе хабарландыруға қою. Кейін «басқа сатып алушы бар» деп сылтауратып, алдын ала төлемді немесе толық ақыны аударуды талап етеді. Ақша түскен соң байланыс үзіледі: телефон өшіріледі, аккаунт жойылады, ал тауар мүлде жеткізілмейді», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз немесе күмәнді әрекет байқасаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз.