Доллардың дүйсенбіге арналған бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 509,63 теңгені құрап, 2,44 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 19 қаңтарға белгіленген ресми доллар бағамы – 512,16 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 509,6 теңге, сату бағамы – 511,59 теңге.

Астанада доллар орта есеппен 508 теңгеден сатып алынып, 515 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 509,48 теңгеден сатып алып, 511,55 теңгеден сатуда.