Еуроодақ Гренландияға байланысты АҚШ-қа қарсы баж салығын енгізуі мүмкін
Оның құны - 93 млрд теңге
Еуроодаққа мүше елдер Гренландия мәселесіне байланысты АҚШ-қа қарсы жалпы көлемі 93 млрд еуроға дейін жететін жауап шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ЕО америкалық компаниялардың Еуроодақтың бірыңғай нарығына қолжетімділігін шектеуді көздеп отыр. Бұл жоспарлар келесі аптада Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аясында еуропалық көшбасшылардың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі қарсаңында әзірленіп жатыр.
«Егер бұл жалғаса берсе және Трамп таза мафиялық әдістерді қолданатын болса, онда қолымызда нақты жауап құралдары бар. Сонымен қатар біз жұртшылықты сабырға шақырып, оған кері қадам жасауға мүмкіндік бергіміз келеді», - деді FT-ке еуропалық дипломаттардың бірі.
Дипломаттың айтуынша, Брюссель «қамшы мен тоқаш» тәсілін қолдануды көздеп отыр.
Газет ЕО елдерінің басым бөлігі қарсы шараларға көшпей тұрып, қайшылықтарды дипломатиялық жолмен реттеуді қалайтынын атап өтті.
«Қызбалықты төмендетуіміз керек», - деді тағы бір еуропалық дипломат.
Басылымның тағы бір дереккөзі Еуроодақтың ықтимал жауап шаралары АҚШ Конгресіндегі заң шығарушылар тарапынан Трамп әкімшілігіне қысымды күшейтеді деп үміт білдірді.
«Бұл жағдай енді ымыраға орын қалдырмайды, өйткені біз Гренландияны бере алмаймыз. Ақылға қонымды америкалықтар да оның Пандора жәшігін ашқанын түсінеді», - деді ол.