$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда түркі тілдерін танитын ең ірі ЖИ модель жасалды

Жаңа жүйе банктер мен call-орталықтардың шығынын азайтады

Қазақстанда түркі тілдерін танитын ең ірі ЖИ модель жасалды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда түркі тілдерін дәл танитын ең ірі жасанды интеллект моделі әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаңа ASR-жүйені отандық Cybernet AI стартапы жасап шығарды. Бұл Орталық Азияда алғаш рет жергілікті тілдердің ерекшелігі ескеріліп, бастан-аяқ дербес әзірленген ауқымды технологиялық өнім. Бұған дейін өңір елдері негізінен ағылшын тіліне бейімделген шетелдік жүйелерді қолдануға мәжбүр болған. Мұндай платформалар түркі тілдеріндегі акцент, дыбыстық құрылым мен аралас сөйлеуді толық тани алмай келген.

Жоба Astana Hub, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Microsoft компаниясының қуатты GPU-инфрақұрылымында жүзеге асырылған. Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев бұл жаңалықтың стратегиялық маңызын атап өтті.

«Cybernet AI әзірлемесі түркі тілдер тобына кіретін елдерге цифрлық сервистер мен клиенттерге қызмет көрсетуді ана тілінде, сапаны жоғалтпай және қолжетімді бағамен жасанды интеллект арқылы ауқымды түрде дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл жаһандық AI-шешімдерді тұтынушы рөлінен халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті өз технологияларын әзірлеуші елге айналу деген сөз», – деді Astana Hub басқарушы директоры.

Жаңа модель қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, әзербайжан және татар тілдерінің негізінде дайындалған. Сонымен қатар жүйе тюркі-орыс аралас сөйлеуін де дәл тани алады. Мұндай формат банк қызметінде, мемлекеттік органдарда және күнделікті тұрмыста жиі кездеседі.

Жаңа ASR-модель банктерге, қаржы ұйымдарына, телеком операторларға, логистикалық компанияларға және мемлекеттік мекемелерге арналған. Жүйе тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және клиенттермен байланыс шығынын айтарлықтай қысқартады. Модель шуды, түрлі акцентті және бір сөйлем ішіндегі тіл ауысуын оңай анықтайды.

Серіктес жаңалықтары