$ 512.16  594.72  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстікте қалың қар мен көктайғақ күтілуде

Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктер 18 қаңтарға арналған болжамын жариялады. Елдің солтүстігі мен шығысында 41 градусқа дейін сарышұнақ аяз болса, оңтүстікте қалың қар мен көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Солтүстік пен шығыста 41 градус аяз

Еліміздің бірқатар өңірінде түнде ауа температурасы критикалық деңгейге дейін төмендейді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында аяз күшіне мінеді.

Абай облысында түнде солтүстік пен орталық аудандарда -41 градусқа дейін рекордтық аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде термометр бағанасы -40 градусқа дейін төмендеп, тұман түседі.

Қарағанды облысында түнде батыс пен шығыс аудандарда -35 градус аяз күтіледі.

Алматы облысы мен Талдықорған қаласында түнде -25...-28 градусқа дейін суытады.

Оңтүстік пен батыста боран және көктайғақ болады

Елдің оңтүстік және батыс аймақтарында антициклонды атмосфералық фронттар алмастырып, жауын-шашын мен жел күшейеді.

Түркістан облысы мен Шымкенттің таулы аудандарда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында, сондай-ақ Таразда қар аралас жаңбыр, боран және көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау мен Атырау облыстарында көктайғақ болып, облыс аумақтарында жаяу боран соғады.

Жел мен боран: Қай өңірлерде қауіп жоғары?

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында күн райы құбылмалы болады. Ақмола облысында жаяу боран соғып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысындада желдің күшеюі мен көктайғақ сақталады.

ТЖМ алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық күйін тексеріп, тасжолдардың ашық-жабықтығын «112» қызметінен нақтылап алуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары