Вирус жұқтырып қайтыс болғандар саны 264 адамға жетті
Қазақстанда 6 шілде күні тағы 1109 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК. Осылайша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 49 683-ке жетіп отыр.
Кеше тіркелген жағдайлар бойынша:
- ауру белгілерімен - 460,
- ауру белгілері жоқ - 649 науқас анықталды.
Ал, ауру ең көп тіркелген өңірлердің көшін Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Атырау облысы бастап келеді.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы бір аптада коронавирустан 76 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 264-ке жетіп отыр.